Организация (обязательно для заполнения)

    Телефон для контакта (обязательно для заполнения)

    Ф.И.О (обязательно для заполнения)

    E-mail (обязательно для заполнения)

    Краткое описание вопроса

      Ф.И.О (обязательно для заполнения)

      Телефон для контакта (обязательно для заполнения)

      E-mail (обязательно для заполнения)

      ИИН:

      Краткое описание вопроса

      Error: Contact form not found.

        Қызметтер

        Компания, өндіру тиімділігі көрсеткіштерінің артуынан көрініс тауып отырған бай әрі құнды тәжірибені жинай отырып,  берешектерді өндіріп алу бойынша Қазақстан нарығында 2007 жылдан бастап табысты қызмет етіп келеді.

        Компания Тапсырыс берушінің қажеттіліктеріне бағышталған кез келген санаттағы берешекті тиімді өндіріп алу бойынша қызметтердің кең тізбесін ұсынады, аталған қызметтер берешекті сотқа дейінгі (Soft немесе Hard Collection), соттық (Legal Collection) өндіріп алудан және атқарушылық өндірісті сүйемелдеуден тұрады.

        Біз өндіріп алудың кез келген кезеңінде қосылуға әзірміз: мерзімін өткізуде 1+ - борышкерлерді мерзімді өткізуге шыққандығы жөнінде хабарлау; мерзімді өткізу барысында 6+ (до 90+) – байланыс орталығы қызметкерлерінің борышкерлерге қоңырау шалуы; одан әрі қарай шығу топтарының қосылу мүмкіндігі, атқарушылық жазбаға құжаттарды даярлау және өткізу; наразылық-талаптық жұмысты әзірлеу және жүргізу; атқарушылық істі сүйемелдеу.

        Еліміздің барлық облыс орталықтарында орналасқан Компанияның өңірлік өкілдіктері борышкерлермен басқа компаниялардың көпшілігі жүргізе бермейтін нақты байланыс жұмысын тиімді және жедел жүргізуге мүмкіндік береді.

        Біздің бәсекелестік басымдығымыз мамандандырылған бағдарламалық қамтымды және жеке технологияларды белсенді қолдану, сонымен қатар жұмыс процестерінің толық автоматтандырылуы болып табылады.

        • CRM «Контакт» - есепке алу, аналитика, жұмыс әдістері мен оның нәтижелерінің толық ашықтығы, дүркін-дүркін процестердің автоматтандырылуы.

        Компанияда борышкерлерге күніне 10 000 дейін қоңыраулар шалуға, жаппай sms-тер мен жазбаша хабарламалар жолдауға мүмкіндік беретін жеке автоматтандырылған Call-Center орталығы бар.

        • Call-center «Infinity» арналған бағдарлама – күніне 10 000 дейінгі қоңырауларды,  SMS және автохабарламаларды өңдеуге мүмкіндік береді.

        Тапсырыс беруші Компаниямен жұмыс жасау барысында қаржылық тәуекелдерге жауапкершілік алмайды, өйткені қызметтерге төлем нақты өндірілген сомадан жүргізіледі.